Vernox тарихын қараңыз

Менің атым — Садықжан Еламан. 2011 жылдың 29 қыркүйегінде Жетісу облысындағы Үшарал ауылында дүниеге келдім. Ауыл — менің балалық шағымның куәсі, мұнда өмірге деген көзқарасым қалыптасты.

Бала кезімнен технология мен компьютерге ерекше қызығушылық таныттым. Жаңа нәрсе үйрену мен үшін ойын сияқты, әрдайым білмеген дүниені зерттеуге ынтам жоғары болды. Уақыт өте келе бұл қызығушылық арманға айналды.

Vernox — менің екінші атым, менің болмысым мен армандарымды бейнелейтін жоба. Бұл тек атау емес, ол менің өзімді дамытуым мен өзгелерге шабыт беруімнің жолы. Болашақта Vernox — жаңашыл жастардың символына айналатын бастамаға айналсын деген ниетім бар.

Мен технология, жасанды интеллект, киберқауіпсіздік сияқты салаларда терең білім алып, Vernox жобасын үлкен деңгейге шығарғым келеді. Осы мақсатқа жету үшін қазірден бастап үздіксіз үйреніп, тәжірибе жинап жүрмін.

Ауылдан шыққан қарапайым бала ретінде үлкен арманға қол созып, сол арманға жетудің жолындамын. Vernox — сол арманыма бастар жолымның алғашқы баспалдағы ғана.

"VERNOX" логотипіне қарап, еркіндік пен шығармашылықтың, жаңалық пен шабыттың символы екенін байқаймыз. Бұл — болашаққа ашылатын жол."

Hero Image

Қосымша сұрақтарыңыз болса, сұраңыз

Біз сізге көмектесеміз! Егер қандай да бір қате байқасаңыз, бізге жазыңыз..

elamansadkhan@gmail.com

Қолыңнан келмейді деп айтқандар — өздері тырысып көрмегендер. Сен тырыс, сен жаса, сонда олардың айтқаны — тек дыбыс боп қалады.